Ажар Ерболған, Астана қаласы

Сіз мұндасыз:
< Артқа

1992 жылы 18 тамызда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келген. Облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері «Сөз сарасы», «Азаттық таңындағы азат жыр»,«Сен менің еліме бар», «Азаттығым – ғажап күнім» атты жыр жинақтарына және «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясына енген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты.

 

АСТАНА-АРМАННЫҢ АҢЫЗЫ

Мен… О бастан аппақ арман ем!

(Сезбеген шығар да сол шақта болған ел…)

Бауырлап атқанда Бозоқтың боз таңы,

Сезетін!

Болашақ болмыстың елесін көретін арда бел.

Тарихтың көне жанары болып Есіл мен Нұра арнасы,

Жосылып сонау Жібек жолының жалғасы,

Қараөткел қаққан қазықта қалды сол шақта,

Бір күні келер «Тұғырлы таңның» таңбасы.

Серт еткем сонда:

«Арқаның төсінде туымды көкке іліп,

Тұранда тыныштық түйесін шөктіріп,

Жаһанның жанарын өзіне байлар», — деп,

Қазақтай ұрпағың, киелі Көктүрік!

Содан соң,

Өткеннің көз жасын қайралған кегіммен құрғаттым!

Санамда солдырып қайғының соңғысын.

Дүбірлі той кешкен таңменен бірге аттым,

«Сарыарқа» күй болып болмысым!

…Бүгінге жеткізіп, сан ғасыр, жыл өтті.

Тірімін!

Мың жылдық тамырым дір етті! …

Астана-арманның аңызы – ақиқат

Ақиқат осындай – АЛАШ жүректі!

 

Тәуелсіздіктің монологы …

Тұғырға ғана таластым,

Үмітке ғана үздіктім.

Бағына біткен Алаштың,

Мен – Тәуелсіздікпін!

Үмітке ғана үздіккем,

Үкілеп кеткен өр бабам.

Ұлы арман кеше біз күткен,

Ешкімде әлі болмаған.

Бабадан қалған аманат,

Биікке бүгін гүл екті. …

Қазаққа біткен ғаламат,

Жүректі көрсең, жүректі!

Болмысы бөлек о бастан,

Тамыры соққан Тәңір деп.

Қазаққа ғана жарасқан,

Жанарға біткен жалынды от.

Айбыны барда текті ұлдың,

Әлемге биміз. (Қаласақ.)

Алдыңа сенің кеп тұрмын,

Не дейсің маған болашақ?

Мен – Тәуелсіздікпін!

 

Үміткерлерге дауыс беріңіз:

Үміткерлер

Дауыс беру нәтижесін қарау

Загрузка ... Загрузка ...