Айдана Сегізбаева, (Астана)

Сіз мұндасыз:
< Артқа

Тəуелсіз елдің байрағы!

Еркіндік елдікпенен бірге тұрар

Көк тудың құдірет пен құрметі бар.

Байрағы құламаған халық едік

Көк аспан қыран менен күнге құмар.

Байрақтың тарихы да тұнған аңыз

Байрақты болған Сармат, Ғұн бабамыз.

От шашқан айдаһарлы байрақпенен

Мұра боп бізге қалды бұл даламыз

Ел-жұртым шашылғанда «елім-айлап»

Бірлікке жинап еді бөрі байрақ.

Әскерін бастағанда Әбілмансұр

Байрақпен жауға шапқан Абылайлап

тұсында Абылайдың ақ байрағым

Жинады Алты Алаштың жаппай бәрін.

Бабам ай бірлік, ерлік белгісіндей

Тұғырға ақ туменен бақ байладың

Оспаным Шығыстағы һас батырым

(Қазақтың жігіттері ай… тасқа тілім.)

Ақ туды көтергенде ақ білекпен

Қорыққан қалмап еді қаста тыным

Ақ орда, Алтын орда ақ ту алған

Сондықтан құламап ед бақ бұлардан.

Тұғырда тұрғанынада ақ байрағы

Жанары жауынгердің отты болған

Исламмен бірге келген ғасырлардан

Алашорда байрағы жасыл болған.

Астында Алаш тудың сөнбейміз деп

Өшпейтін жүректерде жасын қалған

Кеңестің ұстатқаны қызыл еді

Сол Қызыл талай жанды үзіп еді

Қырғынын қызылдардың тоқтата алмай

Аңсадық азаттықты біз үнемі.

Ал бүгін көгімізде көк туымыз

Көк тумен биік біздің шоқтығымыз

Жаяумен амандасқан аттылымыз

Қурайды өртемейтін оттылымыз

Қырандай саясатқа қырағымыз

Байрақта қанат жайған қыранымыз.

Ешкімге өздігінен тиіспейтін

Тыныштық, бейбітшілік ұранымыз.

Желбіре көк байрағым тұғырыңда

Қазақтай алып жүрек тірі мұнда!

Өзі өлмей құлатпаған қолдан туын,

Қазақтың мың ғасырлық ғұмырында!

 

Бұл Астана…

Сарыарқада кербезденіп, сыланып

Астанаға жарасады бұлалық.

Сұлулықтың кесірі ме еркелеп

Астананың аппақ бұлты жылауық.

Керім қыздың тойы керім өтеді,

Той өткенде гүлге толар етегі.

Қонақ келсе қағып қалар қалтасын

Бұл Астана- той-думанның мекені.

Бұл Астана — ерке Есілдің аруы

Қулық пенен Саясат қой қаруы.

Сұлу қыздың көздеріндей жайнайды

Кеш батқанда шағылысқан жарығы

Бұл Астана — гүлге оранған бұрымы

Бұл Астана суық емес суығы!

Бұл Астана- сыбағасы ұрпақтың

Мəңгі биік болсын дейміз тұғыры!

 

Үміткерлерге дауыс беріңіз:

Үміткерлер

Дауыс беру нәтижесін қарау

Загрузка ... Загрузка ...