Алпамыс Файзолла

Сіз мұндасыз:
< Артқа

Алпамыс ФАЙЗОЛЛА 1995 жылы 6 наурызда Орал қаласында туған. 2016 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Қазір Л.Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің 2 курс магистранты. «Қазақстан» ҰТА «Таңшолпан» бағдарламасында редактор болып қызмет етеді. Көптеген республикалық әдеби байқауларда жүлдегер болған. Өлеңдері «Ақ желкеннің ұландары», «Жауқазын жылда гүлдейді», «Өлмес өлең» секілді жастар жинақтарына енген.

Ұялы телефоны: 8 747 845 4530

 

Жебе

Шырмалмаған пенделіктің ауына,
Жырлайды ақын қарап ердің тауына.
Кешегі өткен Махамбеттей батырдың,
Жебесімін тимей кеткен жауына.

 

Азаттықтың құнын білем сондықтан,
Шайыр едім ел өткерген зарды ұққан.
Бостандықты байрақ қылған өлеңді,
Ақтарамын жүрек атты сандықтан.

 

Сынақтарда суарылған, түлеген,
Мен — жебемін! Малай емен, құл емен.
Шірей тартып адырнасын намыстың,
Өзімді-өзім атып келіп жіберем.

 

Тебірентіп өлкеміздің тау-тасын,
Талқан қылып тексіздіктің қаңқасын.
Өзімді-өзім атып келіп жіберем,
Күйретуге мəңгүрттіктің жартасын!

 

Жарқыраған жүзік болса жер жүзі…

(Астанаға)

 

Қазағыма болған құтты баспана,

Бұл шаһардан табарыңыз – дос қана.

Жарқыраған жүзік болса жер жүзі,

Жауһардайын шарасы оның – Астана.

 

Шаттық үні кеуделерді кернеп кей,

Қарайды әркез тамсанумен бел-беткей.

Сүйсіндіріп, көз тартады алыстан,

Әсем қала – қырау салған өрнектей.

 

Шырылымен әнге қосса бозторғай,

Көкірегімде тулай кетер сөз тайдай.

Тоймай қалған баладайын тәттіге,

Сәулетіне қарай берем көз тоймай.

Келген қонақ қаққан талай таңдайын,

Астанада өлең дайын, ән дайын.

Күн сәулесі шөпілдетіп сүйеді,

Зәулім-зәулім ғимараттар маңдайын.

 

Жүректегі күмбірлеген гәккуді,

Жыр күйінде төгіп салар сәт туды.

Ақ Орда тұр жағасында Есілдің,

Елестетіп көлге қонған аққуды.

 

Құлпыратын, күн әрдайым төгіп нұр,

Ордамызға сәлеміңді беріп кір.

Ел дәулетін –

«Бәйтеректен»

Самұрық

Құстың

Алтын

Жұмыртқасын көріп біл.

 

Бүгін, міне, бастым шабыт пернесін,

Сәйгүлігім жыр бәйгеде терлесін.

Еске салып айбыны асқан хандарды,

«Ханшатыр» тұр көкке керіп кеудесін.

 

Астанада мен сүйетін бір қыз бар…

Қалтыратпай бой қарыған түнгі ызғар –

Бұл қалаға ғашық шығар шамасы,

Көктен түсіп, ұйықтайды жұлдыздар!..

 

Үміткерлерге дауыс беріңіз:

Үміткерлер

Дауыс беру нәтижесін қарау

Загрузка ... Загрузка ...