Арман Манарбекұлы Шеризатов

Сіз мұндасыз:
< Артқа

1992 жылы 4-наурызда Алматы облысында дүниеге келген. ШҚО, Қарауыл гимназиясы түлегі. Қалалық, облыстық, республикалық  жыр мүшайраларының жеңімпазы.

 

2012-жылы Алматыда өткен  «Абай әлемі» деп аталатын  республикалық студенттік өнер фестивалінде Абай өлеңдері байқауының Бас жүлдегері.

 

Семей қаласы Шәкәрiм атындағы мемлекеттiк университетiнiң, педагогика ғылымдарының магистрi.

 

Тәуелсіздік!

 

Тұлпар мініп тұғырына Ту қадап,

Өлкесінде жайған өлең-жыр қанат.

Ешкімге де бас имеген ежелден,

Еркіндікпен егіз ұғым бұл Қазақ!

 

Батырлары бұлтқа түйреп семсерін,

Ерлеріне артқан екен ел сенім.

Елте біліп ұрпақтарын эпосқа,

Ертегімен ұштастырған ертеңін.

 

Мынау дархан даласында тұр бәрі,

Кім болғаны Ұлы дала ұлдары.

Елім деген, Жерім деген ұрпақтың.

Еркіндікті керек енді жырлауы.

 

Төрінде есіп Сарыарқаның самалы,

Көгінде тек қыран қанат қағады.

Аспандатты  бар қазақтың рухын,

Астананың айдай сұлу ажары!

 

Ал, ұлтыма темірқазық ұлы Абай,

Ұлт болмас ек, таза ақылмен сынамай.

Әуелетіп жүрегімен әр қазақ,

Әнұранын қайталайды дұғадай.

 

Бейбіт күнде осы шығар бар бағым,

Бабалардың шындық еттік арманын.

Әр сәтсайын бара жатыр нұрланып,

Сәбилердің күлкісімен жан-жағым.

 

Елбасымен қадам басып алға нық,

Жаңғыруда рухы елдің жанданып.

Бақытпенен Алашыма бақ берген,

Жаратқанға отырамын тәуба ғып.

 

 

 

 

               ***

Қазақ үшін дала — бесік, тау- тұғыр,

Жақынына қорлатпаған жау түгіл.

Шабандозы шаң көтеріп шапқанда,

Шабысынан дүр сілкінген алты қыр.

 

Ат үстінде асқақтаған айбары,

Ат үстінде желбіреген байрағы.

Балалары батыр болып ер жеткен,

Тақымындатулапасаутайлары.

 

Көктүріктіңрухыменғарыштан,

Жылқы-жүреккісінесіптабысқан.

Көкпарындажүрмізбүгінөмірдің,

Көзалдымдаақ пен қараалысқан

 

Сан ғасырлықбабалардыңкүй-әні,

Көкейімеерлікжырынқұяды.

Көшпенділерұрпағымыз

дүниені

Дүбірлеткентұлпарыныңтұяғы.

 

Адаспағаната-баба көшіне

Тәуелсіздік – Тәңірбергеннесібе!

О бастан-ақмәңгілік ел бұлқазақ,

Орда тіккенұлы дала төсіне.

 

Үміткерлерге дауыс беріңіз:

Үміткерлер

Дауыс беру нәтижесін қарау

Загрузка ... Загрузка ...