Наурызбек Сарша

Сіз мұндасыз:
< Артқа

Саршаев  Наурызбек  Бақытұлы  – 1992 жылдың 21 наурызында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Шайдана ауылнда дүниеге келген. Таразинновациялық-гуманитарлықуниверситетінің филология мамандығыбаклавриат, аталмышоқуорнының «Қазақтілі мен әдебиеті» мамандығының магистранты. Сондай-ақ,Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз»,  Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетініңтілшісі қызметін атқарған.Бүгінде республикалық «Әдебиет порталының» журналисті. Республикалық «Тәуелсіздіккетарту» жасқаламгерлерфорумының лауреаты, Бұқаржырауатындағыарнайысыйлықтыңиегері. Өлеңдеріреспубликалық, облыстықбаспасөзбеттеріндежарияланыпкеледі.

 

 

Астана

 

Ақиқатқа айналып асқақ арман,

Бүгінде бодандығым бастан ауған.

Сұлулығы ұқтырған ұлылығын,

Асыл қоныс бар ма екен Астанамнан?!

 

Желге ұшырып ғасырлық шер-мұңымды,

Тізгіндедім теңдессіз теңдігімді.

Шаһарым, меніңше бұл шартараптың,

Сегізінші кереметі – сен бүгінгі.

 

Арқадай табылсын ба жаһанда жер?!

Алаштай бар ма әлемде қаһарман ел?!

Кемел елдің келбетін көргің келсе,

Есілді бойлай біткен шаһар дәлел!

 

Есілім, есіміңді мадаққа алып,

Есілдім сан сырымды сан ақтарып.

Шалқарыңда шарқ ұрған шағаламен,

Шабытым шарықтады қанат қағып.

 

Сәулеті асып Бұқара, Самарқаннан,

Сан сараймен самсады самарқау маң.

Самұрық құс салыпты жұмыртқасын,

Самаласын төгілтіп Сарыарқамнан.

 

О, Сарыарқа, мерейлі менің үйім,

Бүгінде заңғар көкпен тең иығың.

Асу асып, желдіртіп желмаясын,

Асан қайғы аңсаған жерұйығым!

 

«Өркениет көшінде оз ұрандап»,

Дедім дұға жырымды өзіңе арнап.

Мәртебесін арттыршы мәрт елімнің,

Көркіңмен күллі әлемнің көзін арбап!

 

Асқақтатқан айбары аспан астын,

Аспанменен астастым, асқар астым.

Алты құрлық алдыңа ат арылтқан,

Астанам – Алтын тәжі Алты Алаштың!

 

Үміткерлерге дауыс беріңіз:

Үміткерлер

Дауыс беру нәтижесін қарау

Загрузка ... Загрузка ...