Семейде кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған шаралар жалғасын табуда

Қаламызда кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған шаралар жалғасын табуда. Өткен сенбі күні шаһарымыздағы студент жастар қаламгердің ескерткіші маңында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.Өнерпаздар патриоттық әндер орындап, жас ақындар әлем таныған Әуезовке арнаған жырларын оқыды. Айта кетерлігі, жазушының мерейтойын атап өту аясында эссе жазу, мүшайра сынды байқаулар мен ғылыми конференциялар қолға алынған болатын. Жоспарлы іс-шаралар жыл соңына дейін жалғаспақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *